25 қыркүйек күні Астана қаласында өңірлік БАҚ өкілдеріне арналған «Журналист бренд ретінде» атты конференциясы өтті. Аталған іс-шараның ұйымдастырушысы – «Қазконтент» АҚ.

Берілген медиа өкілдерінің жиыны «Баспа бұқаралық ақпарат құралдарын Интернетке шығару» жобасы аясында жүргізілді.

Конференция барысында аймақтық баспа БАҚ-тың интернет редакцияларының қызметін күшейту және оны тиімді жетілдіру, олардың интернет-ресурстарын дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, журналистердің әлеуметтік желілер арқылы ақпарат тарату мүмкіндіктері мен құралдарына ерекше көңіл бөлінді.

Алматы» телеарнасындағы «Сеть» бағдарламасының жүргізушісі Нұрлан Жанай журналистер мен редакциялардың әлеуметтік медиадағы жұмысының өнімділігін арттыру, сондай-ақ қазіргі интернет алаңшаларында сторителлинг әдісі туралы біраз бөлісті.

Тәуелсіз саяси және PR-консультант Александр қазіргі қазақстандық журналистиканың мүмкіндіктері мен жағдайы және көкейкесті проблемалары жайында айтып өтті. Оның пікірінше, баспа журналистикасындағы өзекті проблемалардың бірі – газет форматынан, әлеуметтік желілердің форматына ақырындап көшіу. Спикердің айтуынша, газеттік контентке өз бағытын ұстанған абзал. Одан басқа, ол газет беттерінде күннен күнге артып келе жатқан тағы бір проблеманы атап өтті. Сарапшының пікірінше, қазіргі уақытта газеттердегі жарнамалар жаңалықтардан да асып барады: - «Қазіргі өңірлік газеттер маркетингтік бөлімі нашар дамыған жарнама хабарландыруларының тақырыптарына ұқсап келеді» - деді Александр Данилов.   

Конференция соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Медиа-ресурс өкілдеріне арналған осындай жиын 2017 жылы «Электронды БАҚ дәуірі. Тәжірибелік бөліміне кіріспе» атты тақырыбында өткізілгенін еске саламыз.