Кулумбетова Зарина "Казконтент" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

 

Кулумбетова Зарина Мерекеқызы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесі бар. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Өзінің мансабын Ұлттық баспасөз клубында бастады, квазимемлекеттік сектордың ақпараттық агенттіктерінде және баспасөз қызметтерінде жұмыс тәжірибесі бар.