«Қазконтент» акционерлік қоғамындағы бос лауазымдарға кадрлардың конкурстық іріктеу қағидалары

 

 

«ӘДЕБИЕТ ПОРТАЛЫ» ИНТЕРНЕТ-ЖОБАСЫНЫҢ шығарушы редакторы

Қойылатын талаптар:

 Мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі мен кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы  

  • Авторлармен редакторлық және корректорлық жұмыс жүргізу. 
  • Сайтқа дербес материалдарды жазу: сауалнамалар, пікірлер, заңгерлермен сұхбаттар, баспасөз релиздер.
  • Басылымның контентін тарату бойынша процесті ұйымдастыру: жобада, біздің әлеуметтік желілеріміздегі жарияланымдар, email таратулар, баспасөз релиздері.
  • Сайтқа мультимедиялық материалдарды жасау үшін ақпаратты дайындау (инфографиктер, бейне материалдар мен иллюстацияларды таңдау).

Ақпараттың өзектілігін және сайтта ақпараттың уақытында жаңартылып отыруын бақылау.

«Bnews.kz» АА бас редакторы

Біліктілік талаптары:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және БАҚ-та басшылық позицияларда кем дегенде 3 жыл жұмыс тәжірибесі болу керек 

 Міндеттері:

  • Редакциялық саясатты қалыптастыру
  • Редакцияның барлық қызметкерлерінің жұмысын басқару
  • Агенттікті дамытудың концепциясын әзірлеу
  • Қызықты, бірегей контентті құру
  • Сайтта контенттің сапасын және жаңарту уақытын бақылау
  • Басылым авторларымен дайындалған мақалаларды редакциялау.
  • Мақалалар жазу.
  • Редакцияның жұмысы туралы есептер жазу.
  • Жақсы тақырыптық жоспарлау дағдылары
  • Өзекті тақырыптарды пысықтау
  • Тақырыпқа тапсырыс беру, тақырып бойынша автормен жұмыс жасау (жеке кездесулер)
  • Басылымды дамыту және ілгерлету бойынша идеяларды қалыптастыру

Қойылатын талаптар:

  • Шығармашылық, аудиторияны арттыру үшін идеяларды қалыптастыру мүмкіндігі
  • орындаушылық
  • сауаттылықтың жоғары деңгейі, орыс тілін жақсы меңгеру
  • үш тілді: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілін меңгерген кандидаттарға басымдылық беріледі
  • икемділік, үстеме жұмыс жасауға дайын болу
  • интернет-басылымдарда жұмыс тәжірибесінің болғаны жақсы
  • заманауи редакциялық-басылым технологияларын білу.
  • Баспаға тапсырылатын материалдарды дайындау тәртібін білу.

Техникалық қамтамасыз ету бөлімінің техникалық талдау жөніндегі бас маманы

Лауазымның басты және функционалды міндеттері: 

Нақты білу керек: Windows server 2008-2016, active directory, DNS, DHCP, kerio control, Microsoft exchange server, Kaspersky administration kit, әкімшілендіру 1С 8,3.

Электрондық құжат айнамылымы жүйесін әкімшілендіру. 

vmware бұзылуға тұрақты кластерді құрудағы тәжірибе.

Серверлерде БЖ орнату және баптау.

Желілік әкімшілендіруді ұйымдастыру негіздері, VLAN;

Интернет желісі қызметінің принциптері мен хаттамалары;

Техникалық және жобалық құжаттаманы жаза білу;

Аппараттық және бағдарламалық құралдардың қызметі мен архитектурасының жалпы принциптері;

Файл-серверлерде, деректер базасын басқару жүйелерінің серверлерінде және жұмыс станцияларда бағдарламалық жасақтаманың интегралдауын қамтамасыз ету. 

Сервер мен жұмыс станциялардың бағдарламалық жасақтаманың жұмыс жасау қалыбын сақтап отыру. 

Пайдаланушыларды тіркеу, идентификаторлар мен парольдерді белгілеу.

Пайдаланушыларға желіде жұмыс жасауды, мұрағат жүргізуді үйрету, желіде жұмыс жасау мәселелері бойынша кеңес беру. 

Желілік бағдарламалық жасақтамамен жұмыс жасау бойынша нұсқаулықтарды дайындау және оларды пайдаланушылардың назарына жеткізу. 

Желілік ресурстардың қолдануын бақылау. 

Жергілікті және ғаламдық желіге қол жетімділікті ұйымдастыру.

Қоғамның Ақпараттық қауіпсіздік саясатының талаптарын орындау және бақылау бойынша іс-шараларды жүргізу;

Техникалық және конкурстық құжаттаманы әзірлеуге көмектесу; 

ІТ-жобаларды іске асыру бойынша техникалық ерекшеліктерді, сипаттамаларды әзірлеу; 

Департаменттің шарттарын сүйемелдеу, қаржы-экономикалық департаментке орындалған жұмыстардың актілерін, шот-фактураларды ұсыну;

Қойылатын талаптар:

Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар саласында жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) техникалық білім 

Стреске төзімділік және табандылық;

Жаңаны, оның ішінде жаңа технологияларды жылдам игере білу; 

Құжат айналымы және іс жүргізу негіздері, электрондық құжат айналымы.

Продюсер

Біліктілік талаптары:

Медиа саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы  

Міндеттері:

  • Спикерлерді іріктеу
  • Байланыстың барлық қол жетімді тәсілдері арқылы спикерлермен байланыс орнату (коммуникация);
  • Өзекті жаңалықтардың тақырыптарына мониторинг жүргізу;
  • Эксклюзивті контент үшін байланыстарды орнату
  • Телефон арқылы, жазбаша пікірлер түрінде сұхбаттарды жазу;
  • Бірегей контентті өндіруде редакциясының күш-жігерін үйлестіру;
  • Қазақ, орыс тілін жетік меңгеру. Ағылшын тілін білген жақсы.

Техникалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі

Лауазымның басты және функционалды міндеттері:

ІТ бөлімінің жұмысын ұйымдастыру және басшылық жасау; 

Компанияның ІТ-жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету; 

Персоналды оқыту, бейінді мамандардың рекрутингі.

Ішкі ІТ-жобаларды басқару; 

Help Desk / Service Desk қызметін, желілік әкімшілендіру қызметін жедел басқару;

Ақпараттық қауіпсіздік саясатын, басқа да ІТ-саясаттарды әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу;

IT-аутсорсинг қызметімен өзара әрекеттесу;

IT-бюджетті жоспарлау, оңтайландыру және орындау;

Басшылық алдында есеп беру;

Қойылатын талаптар:

Жоғары бейінді білімі; 

Міндетті түрде бағдарламалау тілдерімен жұмыс жасау тәжірибесінің болуы: C# , PHP, JavaScript, CSS, nginx, apache;

Құжаттаманы басқару және іс жүргізу саласында заңнаманы білу; 

АТ саласында кем дегенде 4 жыл, оның ішінде кемінде 2 жыл басшылық лауазымдарда (басқаруында желілік әкімшілер, әзірлеушілер және т.б. ) жұмыс тәжірибесінің болуы 

Компанияның ІТ-жүйелерін дамыту стратегияларын қалыптастыру және жүзеге асыру тәжірибесі; 

Компанияда желілік инфрақұрылымды енгізу, басқару білімі және дағдылары; 

Компанияның бизнес-бөлімшелерімен тиімді қарым-қатынас орнату қабілеттілігі; 

Өзін-өзі ынталандыру қабілеті, көшбасшылық қасиеттер;